Бір топ полицейдің қызметтік формамен кімнің беташары рәсіміне барғаны белгілі болды, деп хабарлайды paryz.kz ақпараттық агенттігі Экспресс K сайтына сілтеме жасап.
Түркістан облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, той Сарыағаш ауданында 21 тамыз күні болған. Тәртіп сақшылары шаңырақ көтерген әріптесінің үйінде өткен беташарға барған.
"Полицейлер түскі уақытта бетешар рәсіміне 15 минутқа кіріп, құттықтап шыққан. Үйленген қызметкер заңды түрде еңбек демалысында. Қазіргі таңда тойға барған тәртіп сақшыларының іс-әрекетіне байланысты қызметтік тексеру жүргізіліп жатыр", — деді департаменттің баспасөз қызметіндегілер.