Прямая трансляция

Астана

Астана

-14.03°C

Назарбаевтың ұрпағы Гитлер балалары сияқты тегін айтуға арланатын болады - Ұзақбай Айтжанов  (ВИДЕО)

Мұндай пікірді белгілі кәсіпкер, меценат Ұзақбай Айтжанов Qasqa Jol Youtube арнасына берген сұхбатында айтқан. 

Назарбаевтың ұрпағы Гитлер балалары сияқты тегін айтуға арланатын болады - Ұзақбай Айтжанов  (ВИДЕО)
фото: Qasqa J

«Назарбаев балаларының билікке араласуға моральдық құқы жоқ. Ол жай қателік жасаса, кешіруге болар еді. Бірақ Назарбаевтың істеген істері жай қылмыс қана емес, ұлт пен халыққа жасалған сатқындық. Рухты сындыру сатқындықпен теңестіріледі. Сондықтан сатқындық ешқашан кешірілмейді.», - деп пікір білдірді Айтжанов. 

Ол Назарбаевты Гитлерге теңеді. 

Мен басқа күн туып, басқа адамдар билікке келетініне сенімім мол. Еліміз дамып, өзге жұрт біздің мемлекетке келуге, біздің азаматтығымызды алуға қызығатын болады. Сол уақытта Назарбаевтың ұрпағы тегін айтуға арланады деп ойлаймын. Қазір Германиядағы Гитлердің ұрпақтары «мен оның тұқымымын» демейді. Назарбаевтың одан айырмашылығы -  елді осындай деңгейге соғыссыз-ақ жеткізгенінде. Құдай қаншама мүмкіндік беріп тұрғанда оны ысыраптық жолмен пайдалану деген недеген бассыздық, недеген тексіздік. Егер де жеке басын, отбасын аямаса аямасын, ал басқа халықта не жұмысы бар? Қазір халық құрып кетудің шекарасында тұр. Ал 30 жылда дамудың өте үлкен мүмкіндіктерінен айырылып қалдық. Қазір Назарбаевтың қандай амбициясы болса да, түсінде көріп, армандап жүре берсін. Ол іске аспайтын шаруа», - дейді кәсіпкер.