Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

"Орыстарды барынша қырып-жою керек". СІМ Украина елшісінің мәлімдемесіне пікір білдірді

ҚР сыртқы істер министрінің орынбасары Ермұхамбет Қоныспаев Украинаның Қазақстандағы елшісі Петр Врублевскиймен кездесті.

"Орыстарды барынша қырып-жою керек". СІМ Украина елшісінің мәлімдемесіне пікір білдірді
Фото: ашық дереккөзі

Кездесу барысында министрдің орынбасары Украина елшісіне 21 тамызда қазақстандық блогер Диас Құзайырға берген сұхбатында айтқан мәлімдемелеріне байланысты наразылық білдірді.

«Қазақстан тарапы мұндай мәлімдемелердің шет мемлекет елшісінің қызметіне сай келмейтіндігі және қолайсыздығы туралы ұстанымын білдірді. Мұндай іс-қимылдар мемлекеттер арасындағы достық қатынастарға нұқсан келтірмеуге тиіс», - делінген СІМ баспасөз қызметінің хабарламасында.

Еске салайық, Украинаның Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Петр Врублевский сұқбатында «Орыстарды барынша қырып-жою керек. Қазір біз мейлінше олардың көзін жойсақ, ертең біздің ұрпағымыз қан төкпейтін болады» деген пікір айтқан.