Прямая трансляция

Астана

Астана

-8.03°C

"Елбасы" сөзін қолданатындарды жауапқа тарту ұсынылды

«Елбасы» сөзін қолданатын адамдарды жауапқа тарту мәселесін қарастыру керек. Бұл туралы Лев Гумилев атындағы ЕҰУ Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық құқық кафедрасының профессоры, заң ғылымдарының докторы Ермек Абдрасулов ​​айтты, деп хабарлайды paryz.kz Halyq Uni сайтына сілтеме жасап. 

"Елбасы" сөзін қолданатындарды жауапқа тарту ұсынылды
фото: egemen.kz

Ол қазақстандықтардың заңды түсінбей, «Елбасы» сөзін қолданып жүргенін жеткізді.

Қазір Ата заңда «Елбасы» сөзі жоқ. Конституцияны тікелей қолдануымыз керек. Ертең басқа қандай заңдар шығады, «Тұңғыш президент туралы» заң қашан күшін жояды деп күтудің керегі жоқ. Сондықтан «Елбасы» терминін ақпарат саласындағылар, мемлекеттік органдар пайдаланбауы керек. Бұл түсінбегендіктен болып отыр. Егер пайдаланса, олар Ата заңды бұзып отыр деген сөз. Олар «Жоқ, бұл мұндай заңда бар» деп айтса, одан жоғары Ата заң тұр ғой деу керек. Менің ойымша, болашақта ондай адамдарды жауапкершілікке тарту мәселесін де қарастыру қажет, - деді профессор ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Ермек Абдрасулов алдымен халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу керек деген пікірде. Алайда одан нәтиже шықпаса, айыппұл салынуы тиіс.

«Болашақта ондай адамдарды («Елбасы» сөзін қолданатындар – автор) жауапқа тарту керек. Әрине, қылмыстық іс емес, әкімшілік жауапкершілікке тарту қажет. Оларға айыппұл салу немесе ескерту жасалуы тиіс», - деді заңгер.