Прямая трансляция

Астана

Астана

-11.03°C

Ақтауда үш жігіт суға кетті

Ақтаудан 43 шақырым Каспий теңізінің жағалауында «Дунга» мұнай компаниясының сорғы станциясы ауданында үш адам суға батып көз жұмды.

Ақтауда үш жігіт суға кетті
фото: newtimes.kz

Бұл туралы Маңғыстау облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті. 

«3 тамызда сағат 16:38-де Түпқараған ауданы «Дунга» мұнай компаниясының сорғы станциясы ауданында 3 адамның суға батқаны туралы хабарлама келіп түсті.

Сол жердегі тұрғындар 31 жастағы ер адамды құтқарған. Бірақ ол ауруханаға жетпей, жедел жәрдем көлігінде қайтыс болды. Ал құтқарушылар 35 және 31 жастағы азаматтардың мәйітін судан алы шықты» - делінген баспасөз мәліметінде.

Жігіттер рұқсат етілмеген жерде суға түскен.

Жалпы шомылу маусымы басталғалы өңірде 10 адам суға батып қайтыс болған. Оның біреуі – жасөспірім.

Осы жағдайларды ескере отырып, Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындардан суға шомылу кезінде қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауды сұрайды