Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Қазақстанның Тайвань төңірегіндегі жағдайға қатысты ұстанымы қандай: СІМ пікір білдірді

Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Тайвань төңірегіндегі жағдай бойынша Қазақстанның ұстанымы туралы Nur.kz тілшісіне пікір білдірді, деп хабарлайды Paryz.kz.

Қазақстанның Тайвань төңірегіндегі жағдайға қатысты ұстанымы қандай: СІМ пікір білдірді
фото: pravda.com.ua

"Қазақстан "бір Қытай" қағидатын қолдайды және Тайваньды Қытай аумағының құрамдас бөлігі деп санайды. Қазақстан халықаралық құқықтың қолданыстағы нормалары мен БҰҰ жарғысының сақталуын қолдайды. Атап айтқанда, бұл мәселеде БҰҰ Бас ассамблеясының 1971 жылғы № 2758 резолюциясын ұстанады. Шет мемлекеттердің ресми делегацияларының Тайваньға сапары Қытай үкіметімен келісілуі керек деп есептеймін", - дейді Смадияров.

Айта кетейік, маусым айында Санкт-Петербургтегі халықаралық экономикалық форумда сөйлеген сөзінде Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Тайвань тәуелсіздігін мойындамайтынын атап өткен болатын. Кеше, 3 тамызда БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш те Тайвань төңірегіндегі жағдайға қатысты пікір білдірді. Ол ұйымның "бір Қытай" саясатын ұстанатынын мәлімдеді.