Прямая трансляция

Астана

Астана

-11.03°C

Жас депутат Мәди Ахметов базар аралап жүр

Әр сенбі Үкімет басшысы Әлихан Смайылов бейнеконференция өткізіп, өңірлердегі бағаны тұрақтандырып отырған кейіп танытады, дейді Мәжіліс депутаты Мәди Ахметов. Бұл туралы ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасына жазған.

Жас депутат Мәди Ахметов базар аралап жүр
Фото: ашық дереккөзі

«Базар аралап, шарықтап тұрған бағаны бағамдадық. Саудагерлердің айтуынша азық-түліктің кей түрі соңғы жарты жылда 2 есеге қымбаттаған. Алысқа барудың қажеті жоқ дау болған қанттың мысалы жеткілікті. Осыған қарағанда Үкіметтің бағаны тұрақтандыру саясаты базарларға жетпей орта жолда қалып қоятын сыңайлы. Әр сенбі Үкімет басшысы бейнеконференция өткізіп, өңірлердегі бағаны тұрақтандырып отырған кейіп танытады. Бірақ бұл әдістің ескіргенін, нәтижесіз екендігін Мемлекет басшысы Үкімет отырысында кесіп айтты», - дейді депутат.

Ахметовтің пікірінше, инфляция қосылған ақшаны жеп қоятындықтан, үкіметтің шәкіртақы мен зейнетақы, жалақыны өсіріп отырғанынан пайда жоқ.

«Еліміздегі азаматтардың табысының жартысынан көбі азық-түлікке кетеді, одан артылғаны ипотекаға, кредитке, үйді жалға алу мен коммуналдық төлемдерге жұмсалады», - дейді ол.

Мәди Ахметов сондай-ақ күзге қарай елде азық-түлік қана емес, оқушылар киімі, пәтерақысы қымбаттайды деген болжам жасап отыр.

«Егер үкімет шұғыл түрде шара қолданбаса, күзде жағдай оңалады дегенге сенім аз. Жаңа оқу жылының басталуымен оқушылардың киім-кешегі, оқу құралдары мен жалдамалы пәтердің бағасы аспандайды. Бұл өз кезегінде әлеуметтік шиеленіске әкелуі мүмін. Сол себепті бағаны тұрақтандыру бойынша жаңа, тиімді механизм қажет» деген ол, үкіметке ең алдымен инфляцияны тоқтату керектігі жөніндегі ұсынысын айтты.