Прямая трансляция

Астана

Астана

-10.03°C

Қазақстан жасанды ел: Медведевтің көмекшісі желідегі жазба туралы пікір білдірді

Ресей Қауіпсіздік кеңесі төрағасының орынбасары Дмитрий Медведевтің көмекшісі саясаткердің "Вконтакте" желісіндегі парақшасы бұзылғанын айтты, - деп хабарлайды Paryz.kz Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап. 

Қазақстан жасанды ел: Медведевтің көмекшісі желідегі жазба туралы пікір білдірді
Фото: ria.ru

"VK-да Дмитрий Анатольевич жариялаған соңғы жазба теңізшілерді Әскери-теңіз күштері күнімен құттықтауға арналды (Теңіз флоты - еск). Ал кеше оның парақшасын бұзып кіріп, басқа жазба жариялағандарға қатысты мәселені әлеуметтік желінің әкімшілігі шешеді", - деп келтіреді басылым көмекшінің сөзін.

Бұған дейін Желіде Дмитрий Медведевтің ВКонтакте-парақшасындағы жазба скриншоттары пайда болды.

Медведевтің атынан жазылған жазба скриншоттарда, Грузия мен Қазақстанның Ресей империясына қарыздар екені айтылған. Сондай-ақ, мәтінде Қазақстан жасанды мемлекеттік құрылым екені, ал біртұтас Грузия XIX ғасырдың басында Ресей жаулап алғанға дейін мүлдем болмағаны атап өтілді.