Прямая трансляция

Астана

Астана

-9.03°C

Шетелде қашып жүрген Әбілязов ел халқын тағы да билікке қарсы "шаптады"

Ол өзін елдегі "жалғыз оппозициялық партия" деп атайтын ЖСДП-ның іс жүзінде биліктен басқарылатынын, 10 қаңтарда "сайлау әділ әрі демократияға сай өтті" деп айту үшін "көзбояушылық" ретінде қолданылатынын мәлімдеді.

Шетелде қашып жүрген Әбілязов ел халқын тағы да билікке қарсы "шаптады"
фото: ашық дереккөз

Қуғында жүрген бұрынғы банкир Мұхтар Әбілязов жақтастарын Жалпыұлттық социал-демократиялық партияның құрамына кіріп, сайлау кезінде соған дауыс беруге шақырды. Ол осылайша "Нұр Отанды" жеңімпаз қылуға ұмтылатын атқару органдарының "заңсыз әрекеттерін әшкерелеуге болады" деп санайды, деп хабарлады paryz.kz, Азаттық радиосына сілтеме жасап.

Атап айтқанда, Facebook-тегі парақшасына жариялаған видеода Әбілязов өзін елдегі "жалғыз оппозициялық партия" деп атайтын ЖСДП-ның іс жүзінде биліктен басқарылатынын, 10 қаңтарда "сайлау әділ әрі демократияға сай өтті" деп айту үшін "көзбояушылық" ретінде қолданылатынын мәлімдеді.

"Бізге "Нұр Отан" партиясының 50 пайыздан артық дауыс жинамағаны керек. Егер бәріміз ЖСДП-ға дауыс берсек, солай болуы да ықтимал", - деді ол.

Халықаралық бақылаушылар Қазақстанда осыған дейін өткен сайлаудың барлығын әділ өтпеді деп бағалаған. Сайлау кезінде дауыс ұрлау, оппозиция кандидаттарына қысым жасау, ақпарат құралдарының жұмысына кедергі келтіру сияқты фактілер болғанын алға тартты қашқын банкир.

"Бізге халықаралық қауымдастық, халықаралық бақылаушылардың сайлау нәтижесін мойындамағаны керек... Заңбұзушылықтар болғаны анықталса, жаппай наразылық тұтанады. Яғни, көрші Қырғызстанда өткен айда болған оқиғаларға ұқсас жағдай қалыптасады. Ол жақта оппозиция жаппай наразылықтан кейін бірнеше күннен соң жағдайды өзгерте алды", - дейді Әбілязов.

Қазір Францияда тұрып жатқан қуғындағы олигарх сөз арасында сайлау нәтижесінің бұрмалануына қарсы шыққан Беларусьтегі наразылықтарды да айтып өтті.

Еске сала кетсек, 57 жастағы Әбілязов – "Қазақстанның демократиялық таңдауы" қозғалысын құрған және Қазақстан тұрғындарын интернет арқылы билікке қарсы митингілерге жиі шақырып жүрген адам. Қазақстан соты оның қозғалысын "экстремистік" деп тапқан.