Прямая трансляция

Астана

Астана

12°C

Алматыда пышақпен қаруланған жастар тұрғындарды тонаған

Алматыда Медеу ауданының полиция қызметкерлері жастар өтіп бара жатқан адамдарды тонау дерегін анықтады, деп хабарлайды Рaryz.kz  stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Алматыда пышақпен қаруланған жастар тұрғындарды тонаған
ашық дерек көздерінен

“ҚР ҚІЖК-нің 128-бабына сәйкес, қылмыстық кодекстің 192-бабы 2-бөлігінің 1,4-тармағында көзделген – тонау, яғни ұрлық мақсатында бөтеннің мүлкіне күш қолдану арқылы адамдар тобының сөз байласуы бойынша қару қолданумен жасалған ұрлық, қылмыстық құқық бұзушылықты жасады деген күдік бойынша 17 жастағы Д. есімді азамат, Ж. есімді азамат, Н. есімді азамат және 19 жастағы Б. есімді азамат ұсталды. Олар заңсыз баю мақсатында пышақпен қорқытып, өтіп бара жатқан адамдарды ұрып-соғып, ұялы телефондары мен басқа да мүліктерін тартып алған.

Бір қызығы, “квартет” саябақтар мен халық көп жиналатын жерлерде жүрген. Олар қорғансыз азаматтарға түнгі уақытта ғана шабуыл жасаған. Аталған адамдар ұсталып, қарақшылық шабуыл жасағандарын мойындады”, –  деді Медеу аудандық Полиция басқармасының бастығы Дәурен Өтебаев.

Қазіргі уақытта ұсталғандардың жалпы Алматы қаласы бойынша осыған ұқсас, бұрын жасалған қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде. Ал аталған күдіктілердің қылмыстық әрекеттерінен зардап шеккен азаматтарды тәртіп сақшылары келесі телефон нөмірлері арқылы хабарласуды сұрайды: 8 (727) 254-48-02; 8-702-476-66-60.