Прямая трансляция

Астана

Астана

12°C

Министр болуыма Шөкеевтің қатысы жоқ – Асылжан Мамытбеков

Ауыл шаруашылығы министрлігін бес жыл басқарған Асылжан Мамытбеков қызметте өсуіне кімдердің ықпал еткенін айтты, деп жазады Рaryz.kz  exk.kz сілтеме жасап.

Министр болуыма Шөкеевтің қатысы жоқ – Асылжан Мамытбеков
Өмірзақ Шүкеев / Асылжан Мамытбеков

Бұл туралы экс-министр YouTube-тегі "Сұрауы бар" арнасына берген сұхбатында айтты. Ол бағдарлама барысында саясаттағы орны мен қызметіне қатысты пікір білдірді. Ал журналист Ербол Сейілханның: "Сіздің саяси карьера жасауыңызға Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің ықпалы болды ма?" — деген сауалына былай жауап берді.

"Болмады десем дұрыс болмайтын шығар. Бірақ министр қылу әрине ол кісінің қолынан келмейді. Иә, "ҚазАгроға" мені ұсынған шығар. Ол жаққа барамын деп мен үш ұйықтасам да түсіме кірмейтін еді. Дегенмен министр қылу, қылмауды тек президент шешеді. Менің ойымша Шөкеев ешқандай ықпал жасамады" — деді экс-министр.

Дегенмен Мамытбеков қазір де әлі саяси қызметтегі Өмірзақ Шөкеевпен жақсы қарым-қатынаста екенін, қызметін әзірге ауыстыруды қаламайтынын айтты.

Жоқ. Қазір "Ет одағын" жарты жолда тастап кету дұрыс емес деп ойлаймын. Бұл салада проблемалар көп,

— деді Мамытбеков.