Прямая трансляция

Астана

Астана

11°C

"Ақ жолдықтарға" - ақ жол!

Бүгін Жезқазған қаласында Ұлытау облысы Ақжол партиясының облыстық филиалының есеп беру сайлау конференциясы өтті деп жазады Рaryz.kz.

"Ақ жолдықтарға" - ақ жол!
ашық дерек көздерінен

Бұл шараға Ақ жол фракциясының Мәжіліс депутаттары Өмірғали Ерлік, Берік Сәлімжанұлы, "Ақ жол" ҚДП Маңғыстау облыстық филиалының төрағасы Матаев Жаңбырбай, "Ақ жол" ҚДП Қарағанды облыстық филиалының төрағасы Әбілдин Ермек және жезқазғандағы "Ақ жолдықтар" қатысты.

Конференцияның бір ауыздан шыққан шешімімен Ұлытау облысы "Ақ жол" ҚДП филиалының төрағасы болып 2004 ж бері "Ақ жол" партиясының белсенді мүшесі, Жезқазған аймағына белгілі кәсіпкер  Төлегенов Мұсабек Меңлібайұлы сайланды.

Конференция жұмысына қатысушылар ұлт ұясы Ұлытаудағы "Ақ жол" партиясының жаңа басшысына "ақ жол" тілеп тарқасыпты.