Прямая трансляция

Астана

Астана

11°C

Тоқаев Орталық Азия аумағында ортақ телеарна немесе жаңалықтар сайтын ашуды ұсынды

Бүкіл аймаққа зиян келтіретін ақпараттық кеңістіктегі жағымсыз құбылыстардың алдын алу үшін күш-жігер біріктіру қажет екендігін Қ-Ж.Тоқаев баса айтты деп жазады Рaryz.kz  t.me/azattyq сілтеме жасап.

Тоқаев Орталық Азия аумағында ортақ телеарна немесе жаңалықтар сайтын ашуды ұсынды
https://www.inform.kz/ru/poyavilos-video-pervogo-dnya-rabochego-vizita-prezidenta-rk-v-cholpon-atu_a3957256

- Мемлекетаралық және этносаралық араздықты қоздыру арқылы елдерімізді алалауға және қарым-қатынастарымызға сызат түсіруге бағытталған кез келген әрекетке төтеп беру үшін бірігуіміз қажет. Өкінішке қарай, әлі күнге дейін бұқаралық ақпарат құралдарымыз аймақ елдерінде болып жатқан оқиғалар туралы жаңалық тарату жағынан ақсап тұрғаны байқалады. Мүмкіндігінше, бұл үрдісті өзгерту керек. Бәлкім, бүкілаймақтық телеарна немесе ақпараттық интернет-сайтын ашқан жөн болар. Осы мәселелерді егжей-тегжейлі пысықтау үшін Орталық Азияның салалық мекемелері мен ақпараттық агенттіктері басшыларының жиынын тұрақты түрде өткізіп отыру пайдалы болмақ, – деді Тоқаев Орталық Азия елдері басшыларының консультативтік кездесуі кезінде.