Прямая трансляция

Астана

Астана

11°C

Қазақстан Қырғызстанның су электр станциясын салу идеясын қолдайды

Қамбар-Ата ГЭС-1 су қоймасында 5 миллиард текше метр су жинауға болады деп жазады Рaryz.kz Sputnik.kz сілтеме жасап.

Қазақстан Қырғызстанның су электр станциясын салу идеясын қолдайды
https://t.me/bort_01/2198?single

Қазақстан Қырғызстанда Қамбар-Ата ГЭС-1 салу идеясын қолдайды, деп мәлімдеді президент Қасым-Жомарт Тоқаев.

Оның айтуынша, Қазақстан трансшекаралық өзендердің су ресурстарын өзара тиімді пайдалану үшін бірлескен гидроэнергетикалық жобаларды жүзеге асыруға ерекше мән береді.

"Осы тұрғыда Қырғызстанда Қамбар-Ата ГЭС-1 құрылысының жобасы белсенді түрде талқыланып жатыр. Су электр станциясы Орталық Азия елдерінің энергетикалық қауіпсіздігін нығайтуға, ауыл шаруашылығы өндірісін кеңейту үшін жағдайды жақсартуға мүмкіндік береді", - деді Тоқаев Орталық Азия мемлекеттер басшыларының IV консультативтік кездесуінде.

Тоқаев республика Халықаралық Аралды құтқару қоры аясындағы елдердің өзара іс-әрекетін нығайтуға шақыратынын айтып, қор аясындағы ынтымақтастық жалғаса беретініне сенім білдірді.

 Қамбар-Ата ГЭС-1 су қоймасында 5 миллиард текше метр су жинауға болады. Қырғызстан үкіметі бұл су тапшылығының энергетика саласына тигізетін кері әсерін шешеді деп үміттеніп отыр.

Қырғызстанда Орталық Азия мемлекеттері басшыларының IV Консультативтік кездесуі өтіп жатыр. Жиынға Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан және Өзбекстан президенттері қатысуда.

Естеріңізге сала кетейік, Орталық Азия елдері көшбасшыларының бірінші саммиті 2018 жылдың көктемінде Қазақстанда, екіншісі – 2019 жылы Өзбекстанда, үшінші – 2021 жылы Түрікменстанда өткен.