Прямая трансляция

Астана

Астана

11°C

Тоқаев Орталық Азияның ең маңызды миссиясын атады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Орталық Азия мемлекеттері басшыларының IV Консультативтік кездесуіндегі баяндамасы басталды, деп жазады Рaryz.kz  ulysmedia.kz сілтеме жасап.

Тоқаев Орталық Азияның ең маңызды миссиясын атады
Фото: Ақорда

Қазақстан басшысының айтуынша, геосаяси турбуленттілік пен әлемдік экономиканың тұрақсыздығы жағдайында аталмыш кездесу Орта Азия елдерінің біртұтастығын көрсетеді, жаңа сын-қатерлер мен қауіп-қатерлерге бірлесіп қарсы тұруға деген ортақ ұмтылысты айғақтайды.

«Біздің қарым-қатынасымыздың ерекше сипаты бүгінгі қабылданып отырған, мазмұны мен тарихи перспективасы жағынан бірегей саналатын ХХІ ғасырдағы Орталық Азияны дамыту жөніндегі Достық, тату көршілестік және ынтымақтастық туралы келісімде қабылданып, бекітілді. Бұл тарихи құжат бес бағыттағы стратегиялық серіктестігіміздің жаңа белесін белгілейді», - деп атап өтті Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы өз баяндамасында «Қазақстан аймақтық ынтымақтастықты жан-жақты нығайтуға, Орта Азияның әлемдік аренадағы рөлін арттыруға бағытталған стратегиялық бағытқа берік болып қала беретінін» айтты.

«Бүгінгі таңда Орталық Азияның ең маңызды миссиясы, менің ойымша, жаһандық саясат пен экономиканың бәсекелес белдеулері арасында көпір орнату болмақ», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев

Еске сала кетсек, 20 шілдеде Қазақстан президенті іссапармен Қырғызстанның Шолпон-Ата қаласына барды.