Мемлекет басшысы Орталық Азия елдерімен сауда-экономикалық байланысты одан әрі дамыту маңызды екенін айтты, деп жазады Рaryz.kz Экспресс К сілтеме жасап.
Экономикалық әлеуетті және тиімді географиялық жағдайдың артықшылықтарын толыққанды пайдалану үшін құрылымдық және инфрақұрылымдық шектеулерді жою мақсатында тығыз өзара іс-қимылды жолға қою маңызды,
— деді Президент.
Сондай-ақ қазір осы тұрғыда Өзбекстанмен "Орталық Азия" халықаралық өнеркәсіптік корпорациясы, ал қазақ-қырғыз шекарасында сауда-логистикалық кешен жобалары жүзеге асырылып жатыр. Ал Тәжікстанмен көтерме-тарату орталықтарын құру туралы келісім бар.
Енді Түрікменстанмен сауда-экономикалық байланысты дамыту үшін астық терминалын салуды жоспарлап отырмыз,
— дейді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Президенттің айтуынша бұл жобалар өзара тауар айналымының көлемін ұлғайтуда, сондай-ақ өнімді ЕАЭО және басқа елдердің нарықтарына экспорттауда ортақ мүдделерге сай келеді.