Актердің жұбайы әлеуметтік желіде өз оқырмандарының сұрақтарына жауап беріп, кішігірім сұхбат ұйымдастырды, деп жазады Рaryz.kz Экспресс К сілтеме жасап.
Танымал актер Тәуекел Мүсілімнің әйелі Махаббат Мүсілім өзінің Instagram-дағы парақшасында оқырмандардың сұрақтарына жауап берді. Мәселен бір қыз оған "жігітімнен ақша сұраған ұят емес пе?" деп сұрайды.
Ооо, мұндай сауалдарға жауап бере алмаймын. Өзім туралы айтайын. Тұрмысқа шыққан кезде күйеуімнен ақша сұрауға арым жібермейтін,
— дейді Махаббат.
instagram.com/mahonti__
Осыдан кейін оған "қысқа көйлек киюге күйеуіңіз тыйым салады ма әлде бұл өзіңіздің таңдау ма?" деген сауал тастайды.
Әрине, тұрмыстағы қыздың мәртебесі тым қысқа киім киюге мүмкіндік бермейді. Бірақ кейде тізеге дейінгі көйлектерді де киіп тұрамын. Алайда өзіме ұзындығы орташа көйлектер ұнайды,
— деп түсіндірді актердің әйелі.
instagram.com/mahonti__
Бұған дейін танымал актер Тәуекел Мүсілім Түркияның Аланья қаласынан баспана сатып алған еді.