Батыс Қазақстан облысының орталығында жан түршігерлік жол апатынан сегіз адам қаза тапты, деп жазады Рaryz.kz Экспресс К сілтеме жасап.
Жол апаты бүгін түнгі 2:22 сағат шамасында Орал қаласындағы айналма жолда болған. Орал қалалық жергілікті полиция қызметінің бастығы Мерхат Аженовтың айтуынша, Nissan көлігі мен Lada cоқтығысқан.
Nissan автокөлігін тізгіндеген 32 жастағы жүргізуші қарама-қарсы бағытқа шығып, Lada көлігіне соқтығысқан. Жол апатынан сегіз адам қайтыс болды.
Nissan көлігі РФ мемлекеттік нөмірін таққан. Көлік туралы мәліметтерді алу үшін РФ сұрау жібердік. Lada көлігінде ерлі-зайыптылар мен олардың екі баласы және басқа отбасының екі баласы мен жүргізуші болды. Барлығы қаза тапты,
— деді Мерхат Аженов.
Кінәлі жүргізуші де оқиға орнында қаза тапты. Ол жүргізуші куәлігін екі жыл бұрын ғана алған екен.