Прямая трансляция

Астана

Астана

12°C

Соғыс басталғалы Ресей қанша әскерінен айырылғаны белгілі болды

Ресей-Украина соғысы басталғалы бері Ресей армиясы 38 мың әскерінен айырылған. Бұл туралы Украина қарулы күштері Бас штабы мәлімдеді, деп жазады Рaryz.kz Ulysmedia.kz сілтеме жасап.

Соғыс басталғалы Ресей қанша әскерінен айырылғаны белгілі болды
ашық дерек көздерінен

Бас штаб мәліметінше, ресейліктердің 1 672 танкі, 842 артиллериялық жүйесі, 220 ұшағы және 188 тікұшағы жойылған.

15 шілдедегі жағдай бойынша Ресейдің Украинадағы шығындары:

– шамамен 38 000 (+130) адам қаза тапты;
– танктер – 1 672 (+5);
– жауынгерлік броньды машиналар – 3 866 (+14);
– артиллериялық жүйелер – 842 (+2);
– РСЗО – 247;
– әуе шабуылына қарсы күрес құралдары – 109 (+0);
– ұшақтар – 220 (+1);
– тікұшақтар – 188 (+0);
– жедел-тактикалық деңгейдегі ұшқышсыз басқарылатын аппараттар – 681;
– қанатты зымырандар – 155 (+0);
– кемелер / қайықтар – 15 (+0);
– автомобиль техникасы және автоцистерналар – 2 731 (+11);
– арнайы техника – 67 (+0).