Прямая трансляция

Астана

Астана

12°C

Әбдіғаппаровтар Алматыдағы рейдерлік іспен ұсталғандарды Болат Назарбаевпен байланыстырды

Жақында ғана сотталған бизнесмен Алмас Әбдіғаппаровтың туыстары Алматыда рейдерлік басып алу ісімен ұсталғандарды Болат Назарбаевпен байланыстырды деп жазады Рaryz.kz  Оrda.kz сілтеме жасап.

Әбдіғаппаровтар Алматыдағы рейдерлік іспен ұсталғандарды Болат Назарбаевпен байланыстырды
ашық дерек көздерінен

ҚМА рейдерлік жолмен бизнесті тартып алуға оқталған адамдардың жолы кесілгенін хабарлаған, бірақ олар туралы ақпаратты жария етпеген еді.

«Нағыз қарақшылар, нағыз қылмыскерлер ұсталды. Бұл жаңалық біздің болашаққа деген сенімімізді, әділдікке деген сенімді, ісіміздің әділ шешілетініне деген сенімді қайтарды. Олардың отбасымен бірге жасағандары заңсыздық. Алмастың ата-анасының, үлкен кісілердің үйіне келіп қорқытып компаниямыздың үлесін аударып алған. Мұның бәрі ата-анамыздың денсаулығына зиянын тигізбей қоймады» делінген бизнесменнің жары Ольга Әбдіғаппарованың видео үндеуінде.

 

Бизнесменнің әйелі соңғы болған құрықтау ісі үшін президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғысын айтты.

— Бүгінгі біздің Әбдіғаппаровтар отбасы президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа біздің үнімізді естігені үшін алғыс айта отырып, үндеу жасайды. Алматы қалалық экономикалық тергеу департаменті біздің өтінішімізге реакция танытып, нағыз қарақшылар тұтқындалды. Бұл қарақшылар тобы. Олар біздің үйімізге келді, жасымызға қарамай, ұлым Алмастың өмірімен қорқытты. Бопсалау, алдау жолымен… мен компаниямыздың үлесін аударып беруге мәжбүр болдым. Біз бұл тек бастамасы екенін түсінеміз, бірақ мен бұл істің объективті нәтижесіне сенемін, – деді кәсіпкердің анасы Сәуле Жүнісбекова.

Бұған дейін Әбдіғаппаровтар отбасы Болат Назарбаевтың адамдарын олардың бизнесін рейдерлік жолмен басып алды деп бірнеше рет айыптаған.

— Бүгін біз қылмыскерлердің ұсталғанын білгенде жеңілдеп қалдық. Ақырында, бұл ұйымдасқан қылмыстық топ (ҰҚТ) ұсталды және әділ жазаланады. Біздің ұйқымыз тынышталып, әділеттілікке деген сенім сәулесі пайда болды, – деді бизнесменнің әкесі Алтай Әбдіғаппаров айтты.

Parmigiano Group басшысы Алмас Әбдіғаппаров 5 шілде күні сотталған. Алматыдағы сот оны ҚР ҚК-нің 189-бабы 4-бөлігінің 2-тармағы (аса ірі мөлшерде сеніп тапсырылған мүлікті ұрлау) бойынша кінәлі деп таныды.