Прямая трансляция

Астана

Астана

12°C

Тоқаев Үкіметті күзде жаңартады

Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтті. Мемлекет басшысы атқарушы биліктің жұмысына "орташа" деген баға берді, деп жазады Рaryz.kz  Экспресс К сілтеме жасап.

Тоқаев Үкіметті күзде жаңартады
ашық дерек көздерінен

Жалпы, Үкіметтің жұмысына орташа деген баға беруге болады. Үкімет табандылық танытуға тырысуда. Бірақ қазіргі кезеңде босаңсуға болмайды. Жұмыс қарқынын барынша күшейту қажет. Жаңа, тың әдіс-тәсілдерді қолдану тиіс,

— деді Президент.

Сонымен қатар ол кадрлық шешім қабылдайтын кез келгенін ескертті. Күзде Үкіметте өзгерістер болуы мүмкін.

Елімізде экономистер, кәсіпкерлер көп. Шетінен білімді, дарынды. Бірақ олардың нақты ұсыныстары аз, тіпті, жоқ деп айтуға болады. Күзге қарай, мүмкін, кадрлық шешімдер қабылдау керек болады. Ерекше дағдарыс жағдайында бұл өте қажет екені түсінікті,

— деді Қасым-Жомарт Тоқаев