Қ-Ж. Тоқаев үкімет жиынында релокация туралы айтуды да ұмытпайды деп жазады Рaryz.kz.
Қазақстан Ресей нарығынан кетуге шешім қабылдаған компанияларды жеделдете қабылдайтын болды.
Осы мақсатта мемлекет басшысы шетелдік компанияларды оңтайлы қабылдауға барлық жағдайды жасауды үкіметке тапсырды.
"1400 ірі шетел компаниясының екіден бірі қызметін тоқтатты немесе Ресей нарығынан толық кетті. Үкімет олардың Қазақстанға шоғырлануы үшін жағдай жасауы тиіс. Бұл бізге қайта өңделетін тауарларды өндіруге жақсы мүмкіндік береді" - деді Тоқаев бейсенбі күні үкіметтің кеңейтілген отырысында.
Ресей Украинаға басып кіргелі бері мыңнан астам шетел компаниясы Ресейдегі бөлімшелерінің жұмысын ішінара немесе толық тоқтатқан. Мысалы, Estee Lauder Companies, McDonald's, Starbucks, Coca-Cola, Zara, Pull&Bear, Massimo Dutti, Bershka, Marks & Spencer, Mango, H&M және тағы басқалары бар.