Прямая трансляция

Астана

Астана

13°C

Ене мен келін арасындағы түсіністікті қалыптастыру қажет – Шарманов

Қазақ тағамтану академиясының президенті, медицина ғылымдарының докторы Төрегелді Шарманов өзінің парақшасында адамдардың бір-біріне деген құрметін қалыптастыру керек екенін айтты деп жазады Рaryz.kz  Оrda.kz сілтеме жасап.

Ене мен келін арасындағы түсіністікті қалыптастыру қажет – Шарманов
ашық дерек көздерінен

Оның айтуынша, қазіргі қоғамға ене мен келін, әке мен ұлы, ана мен бала, күйеу мен әйелі арасындағы түсіністікті, бір-біріне деген құрметті қалыптастыру қажет.

 

«Отбасы берік елдердің түтіні түзу ұшады. Ене мен келін, әке мен ұлы, ана мен бала, күйеу мен әйелі арасындағы түсіністікті, бір-біріне деген құрметті қалыптастыру қажет. Мұндай құрмет ата-баба мұрасында сақталған. Отбасындағы түсіністік, татулық – отансүйгіштікке, мемлекетшілдікке бастайды. Жақсы жанұялар – мемлекет мерейі. Қазақта «әкесін сыйламаған ұлдан без, шешесін сыйламаған қыз, келіннен без» деген бар. Егер баласы әкесін, келіні енесін сыйламаса, ол жерде ешуақытта жақсылық болмайды. Барлық бақыт отбасы осындай құрметтен басталады» делінген жазбада.