Прямая трансляция

Астана

Астана

13°C

Кім айтты, Алматының әкімін "кедей" деп?

Алматы әкімі Ерболат Досаев 7 шілде күнгі брифинг кезінде құны 2,2 млн теңге тұратын Loro Piana брендті қымбат күртешесін "қандай ақшаға сатып алғандығы" туралы сұраққа жауап берді деп жазады Рaryz.kz  t.me/azattyq сілтеме жасап.

Кім айтты, Алматының әкімін "кедей" деп?
ашық дерек көздерінен

Ол "кедей еместігін" алға тартып, қымбат киім сатып алуға шамасы жететінін жеткізді.

Бейсенбілік брифинг кезінде шенеунік 2006-2012 жылдары бизнеспен айналысқанын тілге тиек етті. 1998 жылға дейін жақсы табыс тапқанын, кәсіпорындарда үлесі болғанын айтты.

Барлығы айтып жүрген күртешені бес жыл бұрын сатып алғанмын. Ер адамның киімі аз болады, оны маусым сайын ауыстырып тұрасыз. Мұны жұбайыма да айтып жүрмін. Ер адам өзіне ыңғайлы киімді кигісі келеді. Кедей емеспін. Кейінгі бес ай ішінде мені көп адамның мұқият бақылап жүргенін білемін. Олай істеуге негіз берген жоқпын және болашақта да болмайды деп үміттенемін, – деді әкім.