Прямая трансляция

Астана

Астана

13°C

Премьер - министрлердің ертеңгі кездесуінен Ә.Смаиловтың күштінің диірменіне түспей, еліміздің мүддесін қорғауын тілейміз.

 ҚР премьер-министрі Әлихан Смаиылов Ресей премьер-министрі Михаил Мишустинмен келіссөздер жүргізеді, деп жазады  Рaryz.kz Кaztag.kz сілтеме жасап.

Премьер - министрлердің ертеңгі кездесуінен Ә.Смаиловтың күштінің диірменіне түспей, еліміздің мүддесін қорғауын тілейміз.
ашық дерек көздерінен

«Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Әлихан Смайылов бастаған қазақстандық делегация Екатеринбург қаласына келді, онда олар INNOPROM XII халықаралық өнеркәсіптік көрмесіне қатысады. Сонымен қатар, көрме аясында Әлихан    Смайылов Ресей премьер-министрі Михаил Мишустинмен келіссөздер жүргізеді», - делінген дүйсенбідегі хабарламада.

   Сондай-ақ Ресейдің ірі өнеркәсіптік кәсіпорындарының басшыларымен бірқатар кездесулер күтілуде деген ресми хабарламада. Онысыз да санкцияның астында жатқан мемлекетпен экономикалық мүдде көздеген елдердің қатары көп емес. Осы кезде бабаларымыздың "бүлінген жерден бүлдірген алма"- деген даналығы еске түседі. 

Қалай дегенімен, премьер - министрлердің ертеңгі кездесуінен Ә.Смаиловтың күштінің диірменіне түспей, еліміздің мүддесін қорғауын тілейміз.