Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Орал маңында 8 жылқыны пойыз қағып өлтірді

Жылқылар Батыс Қазақстан облысының 43 жастағы тұрғынына тиесілі екен.

Орал маңында 8 жылқыны пойыз қағып өлтірді
фото: stan.kz

Орал маңында пойыз 8 жылқыны қағып кетті. Полиция мал иесін тапты, деп хабарлады paryz.kz, Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"11 қарашада сағат 22.35-те Орал станциясы полициясының желілік бөліміне «Пепел» разъезінде жүк пойызының машинисі теміржол бойында жайылып жүрген жылқыларды көріп, оларды соғудың алдын алу үшін шұғыл тежеуішті басқаны хабарланған. Алайда, жүк пойызы малдарды қағып барып, 14 минутта тоқтаған. Оқиға салдарынан 8 жылқы өлген", - деп хабарлады көліктегі ПД Әкімшілік полиция басқармасының бастығы Жасұлан Бәйкенов.

Анықталғандай, жылқылар Батыс Қазақстан облысының 43 жастағы тұрғынына тиесілі екен.

"Әйел ҚР ӘқБК-нің 559-бабы, 1-тармағы ("Темiржол арқылы атарба көлігімен (шаналармен) өту және жүк артылған, мініс малды және табынды айдап өту, темiржолдардың бөлінген жолағында мал жаю қағидаларын бұзу") бойынша 5 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынды", - деді Бәйкенов.