Прямая трансляция

Астана

Астана

10°C

Кремль ҰҚШҰ-ны Украинадағы соғысқа тарту туралы сұраққа жауап берді

Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының күштерін Украинадағы әскери әрекеттерге тарту мүмкіндігі туралы мәселе қарастырылмағанын айтты, деп хабарлайды Рaryz.kz  Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап. 

Кремль ҰҚШҰ-ны Украинадағы соғысқа тарту туралы сұраққа жауап берді
ашық дерек көздерінен

"Жоқ бұл опция қарастырылмады", - деді Песков.

Сонымен бірге ол ұйымның маңыздылығын атап өтті. 

"ҰҚШҰ таяу уақытта өзінің тиімділігін, жеделдігі мен қажеттілігін көрсетті. ҰҚШҰ-ны дамыту сыртқы саясат саласындағы біздің басымдықтарымыздың бірі болып табылады", - деді ол. 

Қазіргі уақытта ҰҚШҰ құрамына алты мемлекет - Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан кіреді.