Прямая трансляция

Астана

Астана

11°C

Саясат Нұрбек салафизмге қатысы жоқ екенін айтты

Министр атасы Семей қаласының имамы болғанын айтты, деп хабарлайды Paryz.kz сайты halyq-uni.kz-ке сілтеме жасап.

Саясат Нұрбек салафизмге қатысы жоқ екенін айтты
Сурет. Ашық дереккөз

11 маусымда Білім және ғылым министрлігі екі ведомствоға бөлініп, Ғылым министрі болып Саясат Нұрбек тағайындалды. Бүгін министр ретінде Үкімет отырысына алғаш рет қатысқан Саясат Нұрбек ант берді.

Үкімет отырысынан кейін жаңадан құрылған ведомствоның басшысы журналистердің сұрағына жауап беріп, діни сеніміне, бұрынғы Мәжіліс депутаты Бекболат Тілеуханмен байланысына қатысты пікір білдірді.  

«Құдайға шүкір, мен мұсылманмын. Салафизмге ешқандай қатысым жоқ. Менің атам мен әжемнің қолында өскенімді білесіздер.... Атам Нұрбек Семей қаласында имам болған...

Сондықтан кішкентай кезімнен ислам дініне жақын адаммын. Бірақ ешқандай радикалды ағымдар - секталарға, салафизме қатысым жоқ. Оны ашық айту керек», - деді министр Үкімет отырысының куаларында.

Сондай-ақ министрі бұрынғы Мәжіліс депутаты Бекболат Тілеухановпен бірге түскен фотосына қатысты түсінік берді.

Бекболат ағамызбен жастарымыз да фотоға түскен шығар. Олардың барлығын салафит деп айтуға болмайды. Бекболат - біздің ағамыз, ақын, өнер адамы. Оны өнері мен ақындығы үшін құрметтеймін, қадірлеймін, - деді Саясат Нұрбек.

Саясат Нұрбек 1981 жылы 18 мамырда Семей қаласында дүниеге келген.