Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Алматыда ұрыларды ұстауға арнайы жасақ жұмылдырылды

Ұсталғандардың үшеуі де Алматы облысының тұрғындары. Ең үлкені 34, ал кішісі 22 жаста.

Алматыда ұрыларды ұстауға арнайы жасақ жұмылдырылды
фото: tengrinews.kz

Алматыда бірнеше пәтер ұрлығына қатысы бар болуы мүмкін қылмыстық топ ұсталды, деп хабарлады paryz.kz, Ішкі істер министрлігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

"Ұсталғандардың үшеуі де Алматы облысының тұрғындары. Ең үлкені 34, ал кішісі 22 жаста. Олардың екеуі бұрын мүліктік қылмыстар жасағаны үшін сотталған. Күдіктілер осыдан бір күн бұрын Қабанбай батыр көшесінде орналасқан пәтерлердің біріне ұрлыққа түскеннен кейін ұсталды. Оңай ақшаға құныққан олар ақша мен құнды мүліктерді алып кеткен", - деді Алматы қаласы Полиция департаменті бастығының орынбасары Берік Әбілбеков.

Хабарда нақтыланғандай, операцияны Бостандық ауданында қылмыстық полиция қызметкерлері кеше арнайы жасақ жауынгерлерімен бірге жүргізген.

"Ұрланған заттар тәркіленді, қаскөйлер оларды сатып үлгермеген. Қазір олардың Алматы қаласының аумағында жасалған 11 қылмысқа қатысы бар екендігі анықталды. Сонымен қатар, оларды Нұр-Сұлтан мен Шымкент қалаларындағы әріптестеріміз аталған қалаларда бірнеше пәтер ұрлығын жасағаны үшін іздеуде", – деді Берік Әбілбеков.