Президент Қасым-Жомарт Тоқаев әскери қызметшілер өлімінің көбеюіне байланысты тапсырма берді, деп хабарлайды Paryz.kz, Stan.kz-ке сілтеме жасап.
"Мемлекет басшысы осындай келеңсіздіктердің себебін тергеп-тексеру, әскери қызметшілер арасындағы заңсыздықтарды жою және келешекте әскердегі мұндай теріс іс-әрекеттерді болдырмау үшін өзінің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Ғизат Нұрдәулетовтің басшылығымен арнайы комиссия құруды тапсырды", - деп хабарлады президенттің баспасөз қызметі.
Бұдан кейін келеңсіз жағдайларға жол берген офицерлер жазаланады.