Қасым-Жомарт Тоқаев елордадағы "1932-1933 жылдардағы ашаршылық құрбандарына тағзым" монументіне гүл шоғын қою рәсіміне қатысты, деп хабарлайды Paryz.kz, Экспресс К-ға сілтеме жасап.
Президент ескерткішке гүл шоғын қойып, саяси қуғын-сүргін және ашаршылық кезінде құрбан болғандардың рухына тағзым етті.
Осы іс-шараға нәубет жылдары зардап шеккен отандастарымыздың жақындары мен туыстары қатысты.
Сонымен қатар Мемлекет басшысы Хазірет Сұлтан мешітіне барып, қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарының рухына арнап құран оқытты.