Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Тоқаев латын әліпбиінің "бір жылда іске аса қоятын жұмыс емес" екенін ескертті

"Асығыстық бүкіл мәдениетімізге және тарихи болмысымызға зиян келтіруі мүмкін", - деп қорқып отыр ол.

Тоқаев латын әліпбиінің "бір жылда іске аса қоятын жұмыс емес" екенін ескертті

Бүгін Ақордада президент төрағалығымен қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру мәселесі бойынша кеңес өтті. Оған Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова, Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов және лингвист-ғалымдар мен сарапшылар қатысты, деп хабарлады paryz.kz.

Кеңесте Тоқаевтың назарына ғылыми тұрғыдан зерделенген әліпбидің жаңа жобасы ұсынылды. Дегенмен, ол жаңа әліпбиді қабылдау кезінде асығыстық танытуға болмайтынын айтты.

"Жаңа графиканы енгізу бір күнде, я болмаса, тіпті бір жылда іске аса қоятын жұмыс емес. Әйтпесе, асығыстық бүкіл мәдениетімізге және тарихи болмысымызға зиян келтіруі мүмкін. Мәселе кириллицаны латын әліпбиіне аударуда емес, бұл – қазақ тілінің ауқымды реформасы деген сөз. Қаржы мәселесін де ескеруіміз керек. Латын әліпбиін енгізу жұмысы біртіндеп жүзеге асуы қажет", - деді мемлекет басшысы.