Прямая трансляция

Астана

Астана

14°C

Біртанов ісі сотқа қайта жіберілді

Бұрынғы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов пен вице-министр Олжас Әбішевтің ісі елорададағы Сарыарқа ауданының сотына қайта келіп түсті. Алдын ала тыңдау 11 мамырға белгіленген. Бұл туралы қалалық соттың баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Paryz.kz, Abai.kz-ке сілтеме жасап. 

Біртанов ісі сотқа қайта жіберілді

Сот процесі 11 мамыр күні сағат 10.00-де онлайн форматта өтеді.

Еске сала кетсек, экс-министр Елжан Біртановқа ведомство басшысы болған кезде орынбасары Олжас Әбішевпен бірге жалған ақпараттандыру платформасын іске қосу арқылы қызмет бабын асыра пайдаланды деген айып тағылып отыр. Осылайша, айыптаушы тарап экс-шенеуніктерге мемлекетке 1,5 млрд теңге көлемінде шығын келтірді делінген.