Прямая трансляция

Астана

Астана

-18.03°C

Алматы облысында борышкер жүргізушілер көшеде ұсталып жатыр

Осы уақытқа дейін олардың саны 300 мыңнан асқан. Ал қарыздары – шамамен 2,5 млрд теңге.

Алматы облысында борышкер жүргізушілер көшеде ұсталып жатыр
фото: regnum.ru

Алматы облысында борышкер жүргізушілер енді арнайы бағдарламаның көмегімен ұсталады, деп хабарлады paryz.kz.

Облыс аумағында полиция қызметкерлері мен сот орындаушылары салықтан, автокөлік айыппұлынан және алименттен заңсыз жалтарушыларды іздейді. Осы уақытқа дейін олардың саны 300 мыңнан асқан. Ал қарыздары – шамамен 2,5 млрд теңге.

Арнайы бағдарлама автокөліктердің үлкен ағынында заң бұзушыларды табуға көмектеседі. Ол борышкерлерді нөмір бойынша анықтап, деректерді полицияға береді. Олар өз кезегінде көлікті дереу тоқтатады. Осыдан кейін салық қызметкерлері жүргізушіге қарызды сол жерде төлеуге міндеттейді.

Қарыз сомасы аз болған жағдайда жүргізіші босатылғанымен, берешегі көптердің көлігі тәркіленеді. Сарапшылардың пікірінше, салық төлеуден жалтарушылар жыл соңына дейін ұсталады.

"Бүгінге дейін біз 124 көлікті тоқтатып, бюджетке 3,5 миллионнан астам қаражат өндіріп алдық. 500 мың теңгеден астам қарызы бар үш көлік арнайы тұраққа жіберілді", - деп түсіндірді Алматы облысы Іле ауданы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің бастығы Нұрлан Жарманов.