Шетелдік елшіліктер мен консулдықтарға елорданың дипломатиялық қалашығынан үйлер тегін беріледі деп хабарлайды Paryz.kz, turkystan.kz-ке сілтеме жасап.
«Президенттің іс басқармасына дипломатиялық қалашықтағы коттедждер шетелдік елшіліктер мен консулдықтар үшін салынып жатқандығы туралы хабарланды. Ондағы үйлер жалға берілмейді немесе сатып алынбайды. Олар шетелдік дипломаттарға тегін беріледі», – делінген Telegram арнасында.
Қолда бар мәліметке қарағанда, елшілік пен консулдықтың қызметкерлері коммуналдық қызметтерді ғана төлейді.