Прямая трансляция

Астана

Астана

8°C

Украинаның Қазақстандағы Елшісі: "Ең бастысы - экономика және армия"

«Таразы» жобасының қонағы болып, Украинаның Қазақстандағы Елшісі Петр Врублевский журналисттің сұрақтарына жауап берді, деп хабарлайды Paryz.kz, Adyrna.kz-ке сілтеме жасап. 

Украинаның Қазақстандағы Елшісі: "Ең бастысы - экономика және армия"
Сурет: Adyrna.kz

— Бұл жағдайдан Қазақстан қандай сабақ алуы керек?

Менің түсінуімше, ең алдымен, Қазақстан өзінің экономикасын нығайтуы керек. Бұл тұрғыда Қазақстан экономикалық құрылымын нығайтуда бір елге, не Еуразиялық экономикалық қоғамдастыққа қол жаймауы қажет. Әрине, әскерді күшейту керек, ұлтын сүйетін азаматтарды тәрбиелеу керек. Қазақстан – бұл көп ұлт тұратын ел. Сондықтан өзге елдермен достық қарым-қатынасты ұстана отырып, қазақтар өз идеологиясын дамытып, өзін алып шығатындай елге айналуы керек. Ең бастысы, экономика және армия.

— Сондай-ақ идеологиялық жағын да дамыту керек демексіз ғой. Мысалы, үгіт-насихат ұрандарына еріп кетпеу үшін ұлттық идеяны біріктіруге тиіс.

— Әрине, қазір Қазақстанда сөз еркіндігі бар. Украинада да солай. Мәселен, мен Елші ретінде ортаға келіп, үстелді ұрып, ресейлік арналардың жұмыс істеуіне тыйым сала алмаймын. Шынымды айтсам, мен соны шынымен де қалап тұрсам да жасай алмаймын.

Бұл жерде noblesse oblige позициясы міндеттейді, дегенмен бұл сіздердің ішкі саясатыңыз, мен оған араласып, ішкі істерге кірісе алмаймын. Қараңыз, 2014 жылы Қырымды тұтқынға алынғаннан кейін біз барлық ресейлік арналарды лақтырып тастадық.

Содан кейін украиндық шығаратын телевидение контентінің сапасы көтерілді. Сіздерге де не кедергі? Мен бұл жерде мұны тек ұсыныс ретінде айтты делік. Мазмұнды саяси шоудың орнына бұл өз контентіңді қою керек. Жай ғана фильм,не бағдарлама болуы мүмкін. Бұл Қазақстанға көмектеседі.