Прямая трансляция

Астана

Астана

-8.03°C

Атырауда қос бірдей азаматтықпен жүрген әйел айыппұл арқалады

Сондай-ақ, оның 2012- 2019 жылдар аралығында Қазақстан Республикасына бірнеше рет келіп, Ресей Федерациясының төлқұжатымен елден шығып кеткені анықталды.

Атырауда қос бірдей азаматтықпен жүрген әйел айыппұл арқалады
Фото: ашық дереккөз

Атырау облысында қос азаматтығы бар әйелге 500 мың теңгеден астам айыппұл салынды деп хабарлады paryz.kz.

Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне қарағанда, Атырау облысының тұрғыны 13 жыл бойы қос азаматтықты заңсыз пайдаланып жүргені анықталған.

"Әйелдің 1998 жылы ресейлікке тұрмысқа шығып, Ресей Федерациясына көшіп кеткені белгілі болды. Ол 2007 жылы Ресей Федерациясының азаматтығын қабылдаған. Бірақ, бұл туралы ішкі істер органдарына тиісті 30 күндік мерзімде хабарламаған. Қазақстанның азаматтығын растайтын жеке куәлігін тапсырмаған. Сондай-ақ, оның 2012- 2019 жылдар аралығында Қазақстан Республикасына бірнеше рет келіп, Ресей Федерациясының төлқұжатымен елден шығып кеткені анықталды. Әйел Құрманғазы аудандық полиция бөліміне жеткізілді", -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Қос азаматтығы бар азаматшаға қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексінің 496-бабының 2-бөлігімен (ҚР заңнамасында белгіленген мерзімде шетелдік азаматтықты алу фактісін хабарламау) әкімшілік хаттама толтырылып, оған 200 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынды.