Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Молдовада президент сайлауының екінші кезеңі өтеді

Молдова Республикасының президенттігіне кандидаттардың бір де бірі сайлаушылардың кемінде 51% дауысын жинай алмады.

Молдовада президент сайлауының екінші кезеңі өтеді
Фото: дереккөз

Молдова Республикасындағы президент сайлауының екінші туры 15 қарашада өтеді, деп хабарлады moldpres.md-ке сілтеме жасаған paryz.kz

Бүгін Орталық сайлау комиссиясы дауыс беру бюллетенінің мәтіні мен үлгісін мақұлдап, оларды басып шығаруды бастауға бұйрық берген.

Сондай-ақ ОСК шешіміне сәйкес, биыл 1 қарашадағы президент сайлауының қорытындысы бойынша Молдова Республикасының президенттігіне кандидаттардың бір де бірі сайлаушылардың кемінде 51% дауысын жинай алмады. Ал заңнамаға сәйкес 15 қарашада екінші кезең тағайындалады. Екінші тур бірінші кезеңде жинаған дауыстар санының азаю ретімен белгіленген тәртіп бойынша алғашқы екі кандидат - "Әрекет және ынтымақтастық" саяси партиясынан Майя Санду, тәуелсіз кандидат Додон Игорь үшін ұйымдастырылады.

Айта кетейік, бюллетеньдерді басып шығару процесі бүгін басталды.