Прямая трансляция

Астана

Астана

0°C

Мемлекеттік Дума Жириновскийдің қайтыс болғанын жоққа шығарды

Mash Telegram арнасы саясаткердің бүгін таңғы сағат 10:45-те көз жұмғанын хабарлады. Бұған дейін SHOT Telegram-арнасы Жириновскийде сепсистік шок болғанын жазған, деп хабарлайды Paryz.kz, Stan.kz-ке сілтеме жасап. 

Мемлекеттік Дума Жириновскийдің қайтыс болғанын жоққа шығарды

Сондай-ақ, бір өкпесі жұмыс істемей қалған.

Алайда ЛДПР өкілдері құпия ақпарат көздеріне сенбеуге шақырды. Себебі бұның барлығы – өсек-аян және спекуляция.

Бұл арада РФ Мемлекеттік Дума спикері Вячеслав Володин оның өлімі туралы ақпаратты жоққа шығарды. 

“Владимир Вольфович Жириновскийдің денсаулығына алаңдайтындардың барлығын тыныштандырғым келеді. Ол тірі. Оның жағдайы шынымен ауыр. Бүгін оған КТ жасалды. Біз ол үшін алаңдап отырмыз. Дәрігерлер онымен өмірімен күресуде. Тезірек сауығып кетуін тілейік”, – деп жазды Мемлекеттік Дума спикері Вячеслав Володин. 

Сондай-ақ Ресей Денсаулық сақтау министрлігі Жириновскийдің тірі екенін мәлімдеді. Министрлік өкілдері сөздерінше, саясаткердің жағдайы тұрақты және қажетті көмек көрсетіліп жатыр.

Айта кетері, ресейлік саясаткері Владимир Жириновский ақпан айының басында ауруханаға екіжақты пневмониямен түскен. Оны коронавирустың омикрон-штамы қоздырып жіберді.