Прямая трансляция

Астана

Астана

0°C

Депутат "парламентте қазақ тілін үйретуге бюджеттен 27 млн теңге жұмсалатынына" қатысты пікір білдірді

Парламент депутаттарына қазақ тілін үйретуге 27 миллион теңге жұмсалмақ, деп хабарлайды Paryz.kz, Nur.kz-ке сілтеме жасап.

Депутат "парламентте қазақ тілін үйретуге бюджеттен 27 млн теңге жұмсалатынына" қатысты пікір білдірді

 Осыған қатысты мәжілістен бірінші болып депутат Ерлан Саиров пікір білдірді. Мемлекеттік сатып алу порталының дерегінше, биыл "Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасы" атты мекеме мемлекеттік тіл бойынша тренингтер өткізу үшін 27 млн теңге жұмсамақ.

"Мемлекеттік сатып алу порталынының дерегінше, мекеме 11 ақпан күні "Парасат" жеке кәсіпкерлігімен келісімшарт жасасқан. Келісімшартқа сәйкес, жеке кәсіпкер биылғы 25 желтоқсанға дейін "тапсырыс берушінің 50 тыңдаушысына" мемлекеттік тілден тренингтер өткізуге тиіс", - делінген жазбада.

Журналист құжатта "тыңдаушылардың" нақты кім екені айтылмағанын алға тартады. Алайда тендер техсипаттамасында тренинг өткізілетін орын ретінде Парламент ғимараты мен Мәжіліс ғимаратының мекенжайы көрсетілген. Осы ақпаратқа қатысты мәжіліс депутаты Ерлан Саиров өзінің Facebook парақшасында пікір білдірді. Депутат бюджеттен қазақ тілін меңгеруге қаржы бөлінуіне қарсы шықты.

"Мәжіліс депутаттарына мемлекеттік тілді меңгеруге бюджеттен қаражаттың қажеті жоқ. Мемлекеттік тіл - мемлекетіміздің басты символдарының бірі. Сондықтан, мемлекеттік тілде сөйлеу әрбір мәжіліс депутатының борышы", - деп жазды ол. Саировтың сөзінше, мәжілістегі отырыстың көпшілігі мемлекеттік тілде өтеді. "Депутаттардың басым көпшілігі қазақ тілін еркін меңгерген. Геннадий Шиповских, Снежанна Имашева, Наталья Дементьева, Ильяс Буларов қазақша бізден артық сөйлемесе, кем сөйлемейді. Басқалары өздігінен үйренеді. Бюджеттен қаржы бөлудің қажеті жоқ", - деді мәжіліс депутаты.