Прямая трансляция

Астана

Астана

-10.03°C

Биыл Nur Otan партиясынан 243 мыңнан астам адам шығарылыпты

"Елжан Біртанов – бұрын немесе қазір министр болса да Nur Otan партиясының мүшесі. Оны партия мүшелігінен шығару сот шешімі шыққаннан кейін шешіледі", – деді Павел Казанцев.

Биыл Nur Otan партиясынан 243 мыңнан астам адам шығарылыпты
фото: vlast.kz

Мәжіліс депутаты, Nur Otan партиялық бақылау комитетінің төрағасы Павел Казанцев inbusiness.kz тілшісінің "Қазынадан қомақты қаржы жымқырды деген күдікке ілінген экс-министр Елжан Біртанов Nur Otan партиясы қатарынан шығарыла ма?" деген сауалына жауап берді, деп хабарлады paryz.kz.

"Елжан Біртанов – бұрын немесе қазір министр болса да Nur Otan партиясының мүшесі. Оны партия мүшелігінен шығару сот шешімі шыққаннан кейін шешіледі. Сондықтан сот шешімін күтеміз", – деді ол.

Сондай-ақ, Павел Казанцев сұхбатында партияға мүше азаматтардың сыбайлас жемқорлыққа қатысы бары анықталған жағдайда партия жарғысының талабына сәйкес жаза қолданылатынын, партия қатарынан шығарылатынын да айтып өтті.

Оның айтуынша, қазір 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағдарлама іске асып жатыр. Қоғамдағы жемқорлықты жалтақтамай жою үшін 8-800-080-4441 сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәселелер бойынша сенім телефоны жұмыс істейді.

Мәселен, биыл партия қатарынан 243 мыңнан астам адам шығарылды. 200-ден астам партия мүшесін жауапқа тартты. 35 адам сыбайлас жемқорлық және қылмыстық құқықбұзушылық үшін, 20 адам "партияның беделін түсіргені үшін" кеткен.