Прямая трансляция

Астана

Астана

0°C

Абай облысының әкімі болып Ақберен Елгезек тағайындалғаны рас па?

Бүгін әлеуметтік желіде жаңадан ашылған Абай облысының әкімі болып ақын Ақберен Елгезек тағайындалды деген ақпарат желдей есті. Бұл – фейк, деп хабарлайды Paryz.kz, Turkystan.kz-ке сілтеме жасап.

Абай облысының әкімі болып Ақберен Елгезек тағайындалғаны рас па?
Сурет: Turkystan.kz

Өйткені мұндай ақпарат ресми түрде жарияланған жоқ. Сондай-ақ бұл жаңалықтың жалған екенін ақынның өзі де мәлімдеді.

«Телефоныма тыным болмай кетті. Бәріне жауап беру мүмкін емес. Ағайын, бұл – фейк ақпарат. Баршаңыздың тілектеріңізден айналдым! Біз – жазушы адамбыз. Саясатпен саясаткерлер айналыссын. Біздің мұрат – мәңгілік құндылықтар руханиятқа, әдебиетке қолдан келгенше қалтқысыз қызмет ету» деп жазды Ақберен Елгезек Facebook парақшасында.