Прямая трансляция

Астана

Астана

0°C

Желі қолданушылары Президенттің жанашырлығына риза (ВИДЕО)

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдау жасау үшін Парламент ғимаратына келген сәтінен видео жарияланды деп хабарлайды Paryz.kzturkystan.kz-ке сілтеме жасап. 

Президентті кіре берісте Премьер-министр, Сенат және Мәжіліс төрағалары, Мемлекеттік хатшы, Президент Әкімшілігінің басшысы қарсы алған.

Тыстағы жылы жүздесу кезінде Президент пен Мәжіліс төрағасы арасында кісі көңілін жібітерлік диолог өрбіді.

Өзін қалың киімсіз күтіп тұрған азаматтарды көрген Қасым-Жомарт Тоқаев «Сыртқы киім керек емес пе?» деді. Оның бұл сөзі видеода анық естілмейді. Бірақ Ерлан Қошановтың «Жоқ. Дала жылы» деген жауабын анық естуге болады.

Ал әлеуметтік желі қолданушылары Президенттің жанашырлығы жайлы жарыса жазуда.