Прямая трансляция

Астана

Астана

10°C

Ресей мен Украинадағы жағдай: Шындық қайда?

Қазір Ресей Қарулы күштерінің Украина аумағына басып кіргеніне байланысты рас-өтірігі араласқан түрлі ақпарат тарап жатыр деп хабарлайды Paryz.kz, Turkystan.kz-ке сілтеме жасап. 

Ресей мен Украинадағы жағдай: Шындық қайда?
Сурет: Turkystan.kz

Киев уақытымен  сағат таңғы 7.30 жағдай бойынша Ресей Украинаның радарлық және зениттік-зымыран кешендеріне, әуе базаларына, қару-жарақ қоймаларына зымыран және әуе соққыларын жасады.

Ресей десанты Одесса мен Мариуполь қалаларына түскен жоқ. Украина бақылауында.

Ресей Украинаның солтүстігінде әскери бөлімдер мен шекара бекеттеріне шабуыл жасады. Бірақ, Харьков қаласына РФ құрлық әскерлерінің шабуылы болған жоқ.

Украина әскері Қырым бағытында Ресей әрекетіне тойтарыс берді. Одан соң қозғалыс жоқ.

Донбасста Ресей әскері Счастье қаласына шабуыл жасады. Украина әскерлері қарсыласына жауап беріп жатыр. Ресей әскерінің мақсаты – Северский Донецктен өтіп, Лобачёво ауданына шығу.