Прямая трансляция

Астана

Астана

-11.03°C

Президенттің «перзенттік» борышы қандай?

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Qazaqstan» телеарнасына сұхбат берген «Әке туралы ой-толғау» кітабы желісінде кино түсіруге тапсырма бермегендігін айтты деп хабарлайды Paryz.kz, Turkystan.kz-ке сілтеме жасап. 

Президенттің «перзенттік» борышы қандай?
Сурет: Ratel.kz

Сұхбат барысында телеарна тілшісі:

«Қасым-Жомарт Кемелұлы, Сіздің «Әке туралы ой-толғау» кітабыңыздың желісі бойынша бір продюсерлік орталық кино түсіргелі жатыр екен. Осыған қатысты не айтасыз?», – деп сұраған еді.

«Менің кітабымдағы оқиғалардың негізінде кино түсіргелі жатқанын оқыдым. Бұл туралы ешкімге ешқандай тапсырма берген жоқпын. Бермеймін де. Мұндайды қаламаймын. Бірақ, өзім жазған «Әке туралы ой-толғау» кітабынан бас тартпаймын, мазмұнды туынды деп есептеймін. Себебі, жастарға да пайдалы дүние. Бұл – менің әке-шеше алдындағы перзенттік борышым»,- деп жауап берді Тоқаев.