Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Ресейлік университеттер Қазақстанда не үшін ашылмақ?

Мәскеуде Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин ұзақ келіссөздер жүргізіп, оның қорытындысы бойынша мемлекет басшылары бірлескен мәлімдеме жасады. Қазақстан Президенті ресейлік жоғары оқу орындарының филиалдары ашылатынын айтты, деп хабарлайды Paryz.kz, Massaget.kz-ке сілтеме жасып. 

Ресейлік университеттер Қазақстанда не үшін ашылмақ?
Сурет: ашық дереккөз

Мемлекет басшысы Қазақстанда инженерлік-техникалық кадрларға деген сұранысты ескере отырып, білім беру саласындағы ынтымақтастыққа ерекше назар аударылғанын атап өтті.

Бүгін келіссөздер барысында мен Владимир Владимировичке Ресей Федерациясының ең танымал университеттерінің, ең алдымен техникалық университеттерінің филиалдарын Қазақстанда ашуға келісім бергені үшін алғысымды білдіремін. Олар біздің еліміздегі білім беру саласына үлкен үлес қосады деп ойлаймын, - деді Тоқаев.

Қазақстан Президенті Ресейдің жетекші жоғары оқу орындарының Қазақстандағы филиалдарының желісін кеңейту жөніндегі елеулі келісімдерді құптайтынын атап өтті.

Қазақстанда мына университеттердің филиалдары ашылатынын атап өткім келеді, бұл жоғары оқу орындары барлығына жақсы таныс: МИФИ (Ұлттық ядролық зерттеу университеті, МИФИ ), университет имени Губкина (Губкин атындағы Ұлттық зерттеу университеті), Бауманское училище (Бауман атындағы мемлекеттік техникалық университеті). Қазір училище университет болып үлгерген сияқты, бірақ, бренді қалды. Білім беруді қолдау өзара қарым-қатынас саласындағы  өте маңызды ілгерілеушілік деп ойлаймын, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Еске салайық, Мәскеуде Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин жоғары деңгейдегі келіссөздер жүргізіп, оның барысында екі ел арасындағы көпқырлы стратегиялық серіктестікті дамыту перспективаларын қарастырған болатын.