Прямая трансляция

Астана

Астана

-14.03°C

Мемлекет басшысы наурызда не жайында айтады?

Мемлекет басшысы наурызда халыққа Үндеу жасайды. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлімдеді. 

Мемлекет басшысы наурызда не жайында айтады?
Сурет: Turkystan.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 11 қаңтар күні өткен Мәжіліс отырысында азаматтық қоғаммен және сарапшылармен арадағы диалог негізінде саяси реформалардың жаңа топтамасы әзірленеді деп мәлімдеген болатын.

Осыған байланысты Мемлекет басшысы наурыз айының ортасында халыққа Үндеу жариялауды жоспарлап отыр. Бұл Үндеуде реформалардың негізгі бағыттары мен қоғамды саяси трансформациялауға бағытталған аса маңызды шаралар айқындалады», – деп жазылған хабарламада.