Прямая трансляция

Астана

Астана

-4.03°C

Лукашенко Қазақстандағы тәртіпсіздіктерге қатысты пікір білдірді

Беларусь басшысы Александр Лукашенко Ресейдің бас арандатушысы саналатын Соловьевке сұхбат берді. Сұхбат барысында Лукашенко Қазақстанға қатысты да өз пікірін айта кетті, деп хабарлайды Paryz.kz, Abai.kz-ке сілтеме жасап. 

Лукашенко Қазақстандағы тәртіпсіздіктерге қатысты пікір білдірді
Сурет: Abai.kz

Александр Лукашенко 4 ақпанда берген сұхбаты 1 сағат 50 минутқа созылды. 

Владимир Соловьев Ресей мен Беларусь арасында құрылған "Одақтас мемлекет" жайында да сұрады. "Өзіңіз білетіндей Беларусь қазірдің өзінде сонда (жобада). Қазақстанға жақсы сабақ болды деп ойлаймын. Егер 15 жылдық мерзіммен қарайтын болсақ, қандай да бір қателік жасамасақ онда (одақтас елде) Украина да боларына сенімдімін. Түркіменстан, Өзбекстан, Тәжікстан өздеріне қажет экономикалық негіздер үшін қосылады деп санаймын", - деді Лукашенко.

Беларусь басшысы Украина жеріне соққы беру мүмкін екенін, НАТО-ның әлсіздігін, Қытай мен Ресей одағын ешкім тоқтата алмайтынын да айтуды жөн санапты.