Прямая трансляция

Астана

Астана

-10.03°C

Әбілязовтың сыбайласы Грузиядан экстрадицияланды

Ол қылмыстық жауапкершіліктен жалтару мақсатында Қырғыз Республикасы азаматының жалған төлқұжатын пайдаланып, Грузия аумағында жасырынып жүрген.

Әбілязовтың сыбайласы Грузиядан экстрадицияланды
Фото: Яндекс.Новости

"БТА Банкі" АҚ-ның бұрынғы басқарма мүшесі, басқарушы директоры Асылмұрат Рамазанов Грузиядан экстрадицияланды, деп хабарлады paryz.kz, Бас прокуратураға сілтеме жасап.

"Бас прокуратураның, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қызметкерлері Ұлттық қауіпсіздік комитетінің жәрдемдесуімен Грузиядан "БТА Банкі" АҚ-ның бұрынғы басқарма мүшесі, басқарушы директоры Асылмұрат Рамазановты экстрадициялады. Ол 249 миллиард теңгеден астам қаражатты, БТА Банкінің активтерін Мұхтар Әбілязовтың ұйымдасқан қылмыстық қоғамдастығы мүшелерімен бірлесіп ұрлағаны үшін іздестірілген", - делінген хабарламада.

Бас прокуратура қылмыстық жауапкершіліктен жалтару мақсатында Рамазанов Қырғыз Республикасы азаматының жалған төлқұжатын пайдаланып, Грузия аумағында жасырынып жүргенін анықтағанын атап өтті.

"Алайда қазақстандық құқық қорғау органдарының грузин әріптестерімен үйлесімді жұмысының арқасында оны Грузияның Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері ұстады. Қазіргі уақытта Рамазанов Алматы қаласындағы тергеу изоляторына қамалды", - делінген хабарламада.