Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Қырғыз министрі Қазақбаев Қазақстаннан көмек сұрап келді

Сыртқы саясат ведомстволарының басшылары жүк тасымалдаушылар үшін Қырғызстан-Қазақстан шекарасында қолайлы жағдай жасау керегін де атап өтті.

Қырғыз министрі Қазақбаев Қазақстаннан көмек сұрап келді
фото: ҚР СІМ

Қырғыз Республикасының сыртқы істер министрі Руслан Қазақбаев Қазақстаннан дәрі-дәрмек пен қорғаныш құралдарын сұрап, көмектесуін өтінді, деп хабарлады paryz.kz, Қырғыз Республиукасының СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Нұр-Сұлтан қаласына жұмыс сапарымен келген Қазақбаев Қазақстанның Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердімен кездесті. Осы орайда, ол бізден қаржылай-техникалық көмек көрсету мүмкіндігін де қарастыруды өтінді.

"Министр Руслан Қазақбаев қазақстандық тараптан Қырғыз Республикасының Денсаулық сақтау министрлігіне қайтарымсыз негізде дәрі-дәрмек және қорғаныш құралдарын беруді сұрады. Сыртқы саясат ведомстволарының басшылары жүк тасымалдаушылар үшін Қырғызстан-Қазақстан шекарасында қолайлы жағдай жасау керегін атап өтті", - деп хабарлады Қырғызстан СІМ баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, Руслан Қазақбаевты премьер-министр Асқар Мамин қабылдады. Үкімет басшысы 2020-2022 жылдарға арналған Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы ынтымақтастықтың кешенді бағдарламасының тармақтарын қоса алғанда, екі ел арасында бұған дейін қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асырудың маңыздылығын атап өтті.

Тараптар екі елдің сауда-экономикалық, инвестициялық, транзит-көлік, логистика, су-энергетика салаларындағы ынтымақтастығының жай-күйі мен перспективаларын, сондай-ақ, пандемияның теріс салдарын азайтудағы өзара іс-қимылын талқылады.